1 қыркүйек Білім күні

02.09.2026

Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2026–2027 оқу жылының алғашқы қоңырауына арналған салтанатты жиын өтті.

Биылғы оқу жылының алғашқы қоңырау салтанаты «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар және ауылымыздың қадірлі азаматтары қатысты.

Жиын барысында мектеп директоры Абдуалиева К. Е. сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп басшысы білім алушыларға сапалы білім алып, биік мақсаттарға ұмтылып, ел болашағына үлес қосар саналы да жауапты азамат болып қалыптасуларына тілектестігін білдірді.

Салтанатты жиынның қадірлі қонағы, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Мактумова А. Б. сөз сөйлеп, ұстаздар қауымы мен оқушыларға жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық ізденіс және жоғары жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар, мектебімізге қолдау көрсетіп жүрген демеуші Мейрамов М.Ж. сөз сөйлеп, жас ұрпаққа ақ батасын беріп, жаңа оқу жылына ізгі тілегін арнады.

Алғашқы қоңырау үні соғылып, білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге ерекше құрмет көрсетілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылар үшін бұл күн жүректерінде мәңгі сақталатын ерекше мерекеге айналды.

🔔 Алғашқы қоңырау – жаңа оқу жылының бастауы, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге бастар жол!

Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, мол табыс және биік белестер әкелсін!

Білімді, тәрбиелі ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Просмотров: 8686


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу