Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының кепілі

05.02.2026

   Мектептің педагогикалық ұжымында  тарих пәнінің мұғалімдері : Оразалы Темірлан  Жаналыұлы  және  Кусаинов Ерасыл  Сыздыкович «Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының кепілі»  тақырыбында   кездесу өткізіп, құжаттың жобасы туралы толық ақпарат берді.

      Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің саяси-құқықтық дамуының келесі кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл жоба тек қолданыстағы нормаларды жаңарту емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыруға бағытталған.

       Мемлекеттік басқару жүйесінде «адам – билік үшін емес, билік – адам үшін» деген ұстанымды орнықтыруға бағытталған  атап көрсетті. Ұсынылып отырған  Конституция жобасы – уақыт талабына сай, мазмұндық тұрғыда терең әрі жүйелі құжат. Оның табысты жүзеге асуы тек қабылдануымен емес, нормалардың  нақты өмірде  қалай орындалатынымен өлшенеді. Қазақстан Республикасының  Конституциясы жай ғана құқықтық құжат емес, мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің, демократияның символы. Егер бұл талаптар сақталса, жаңа Конституция  Қазақстанның орнықты дамуы мен әділетті қоғам құру жолындағы берік негізге айналады.

        Қазақстан Республикасының Конституциясы жай ғана құқықтық құжат емес, мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің, демократияның символы. Ол барлық азаматтың тұрақтылығын, өркендеуін және әл-ауқатын қамтамасыз ету сияқты ұлттық мақсаттарға қол жеткізудің негізі болып табылады.

Просмотров: 2214


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу