5-8,10 сыныптарға арналған қазақ тілі емтихандары

28.05.2025

Ағымдағы жылдың   26,27,28 мамыр күндері  5-8,10 сыныптар үшін қазақ тілінен емтихандар өткізілді.  Мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі»  пәнінен білім алушыларды  оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  талаптарына сәйкес бағалау.

Міндеті:

-              білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығын бағалау;

-              функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Емтихан алушы мұғалімдер: тәжірибелі ұстаз Садвакасова Гульбану Сламияновна, «педагог-зерттеуші», Омарова Асемгуль Бакировна, «педагог- сарапшы». Аралық аттестаттау бойынша шағын педагогикалық кеңес өткізіліп, шешімі шығарылды. 5-8,10 сынып оқушылары келесі сыныптарға көшірілді.

Просмотров: 5666


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу